Жаңалықтар

Сәтбаев пен Байбек Чемпиондар лигасында гол соққан тұңғыш қазақ футболшылары

Дастан Сәтбаев
Кайратовец Дастан Сатпаев забил победный гол в матче с «Кызылжаром»

Данияда өткен «Копенгаген» – «Қайрат» матчы 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталғанымен, бұл кездесу қазақ футболы тарихында елеулі оқиға ретінде есте қалды.

«Қайрат» футбол академиясының түлегі, жас шабуылшы Дастан Сәтбаев 81-минутта өз мүмкіндігін мүлт жібермей, Чемпиондар лигасындағы алғашқы голын соқты. Ал ойынның соңғы минуттарында жартылай қорғаушы Олжас Байбек те дәлдік танытып, есепті қысқартты. Осылайша екі жас футболшы УЕФА Чемпиондар лигасынла гол салған тұңғыш қазақ футболшыры атанды.

Матчтың басым бөлігі «Копенгагеннің» бақылауында өткенімен, «Қайрат» тартысты ойын көрсетіп, соңына дейін күрес жүргізді. Алғашқы таймда қарсыластар басым түсіп, есепті ашты. Үзілістен кейін дат клубы тағы да шабуылды күшейтіп, есеп 3:0-ге дейін ұлғайды.

Алайда матчтың шешуші тұсында алматылық клубы ойынды өз қолына алуға тырысты. Әсіресе соңғы он минутта белсенділік артты, нәтижесінде жас ойыншылардың жылдамдығы мен жігері голдармен бекітілді.

Дастан Сәтбаев – Чемпиондар лигасында гол соққан ТОП-3 ең жас ойыншының бірі

Гол соққан сәтте Дастан Сәтбаев небәрі 17 жас 105 күн ғана еді. Бұл көрсеткіш бойынша ол Чемпиондар лигасының тарихындағы ең жас гол соққан ойыншылар тізімінде үшінші орынға көтерілді. Оның алдында тек «Барселона» футболшылары – Ансу Фати мен Ламин Ямаль ғана тұр:

Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар ТОП–3:

1. Ансу Фати («Барселона») — 17 жас 40 күн
2. Ламин Ямаль («Барселона») — 17 жас 68 күн
3. Дастан Сәтбаев («Қайрат») — 17 жас 105 күн

Бұл көрсеткішке тек топтық кезеңнен бастап соғылған голдар енеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дастан ұлттық құрама сапында Бельгияға қарсы ойында алғашқы голын соққан еді.