Lifestyle

Дубайда жасанды интеллект басқаратын мейрамхана ашылды

Дубайда ЖИ аспаз басқаратын мейрамхана ашылды
Дубайда ЖИ аспаз басқаратын мейрамхана ашылды / фото: ашық дереккөзден

Дубайда мәзірді де, жаңа тағамдарды да жасанды интеллект жасайтын ерекше мейрамхана жұмысын бастады. Оның басты ерекшелігі – «сhief Aiman» атты виртуалды ЖИ-аспаз.

Шетелдік басылымдар жазуынша, мейрамхана иесі Ахмет Ойтун Чакир шығармашылық тоқырауға ұшыраған сәтте ChatGPT-ден жаңа фирмалық тағам ойлап табуды сұраған. Нейрожелі ұсынған қой еті мен дәмдеуіштерге негізделген мәзір ерекше болып шығады.

«Нәтиже таңғаларлық болды. Біз бірден суретке түсіріп, мәзірге қостық. Ол бірден бестселлерге айналды», – дейді ол. Содан кейін ЖИ-аспаз моделін жасау деген ой пайда болады.

«Chief Aiman» – Vivid Studios (ОАЭ) жасаған Umai моделіне негізделген виртуалды аватар. Орта жастағы, көзілдірікті, сәл футуристикалық бейнеде көрсетілген. Оның міндеті: түрлі мәзірлерді талдап, соның негізінде жаңа мәзірлер құрастыру.

Мейрамхана иелерінің айтуынша, ЖИ-шеф тағамдардың құрамын өзгертіп, ерекше дәмдік комбинациялар ұсынып, күтпеген кулинарлық шешімдер таба алады.

Бұған дейін Албанияда алғашқы ЖИ-министр сайланғанын жазып едік. Diella есімді жасанды интеллект мемлекеттік сатып алуларға жауап береді. Албан тіліндегі «Diella» атауы «күн» деген мағынаны білдіреді.