Жаңалықтар

Сәлем салудан бас тартқан келін күйеуін сотқа берді

Тараптар сотта татуласты/фото: shutterstock

Жамбыл облысында қайын апасына сәлем салудан бас тартқан келін сотқа жүгінді.

Жуалы аудандық сотында ер адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігі бойынша істі қарады. Бұл бапта отбасы-тұрмыстық қатынастардағы былапыт сөздер айту әрекеті көрсетілген.

Үйлену тойы кезінде ер адам әйелінен үлкен апасына сәлем салуын өтінген, ал әйелі өтінішті орындаудан бас тартқан. Үйге келген соң, ер адам әйеліне былапыт сөздер айтқан. Тіпті қайын енесіне хабарласып, қызы мен немерелерін алып кетуін дөрекі түрде талап еткен.

Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, әйелінен кешірім сұрады.  Тараптар татуласып, іс тоқтатылды.

Айта кетейік, Жетісу облысында қайтыс болған 32 жастағы Айзат Жұманованың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды.