Көп министр дуа жасатып, қарсыласын қызметінен кетіреді – парапсихолог

Парапсихолог Айнұр Әбдірәсілқызы министрлер, лауазымды қызметкерлер қара магияға жүгінетінін айтты.
Оның сөзіне қарағанда, оны қарсыласын тұқырту мақсатында қолданады. Сонымен қатар байлық шақыратын амалдарды да ұдайы жасап жүреді.
«Министрлікте көп жұмыс істедім. Министрге кеңесші болдым. Басқа да лауазымдарды атқардым. Ірі-ірі басшылар христиандардың үрдісін ұстанып, қолына қызыл лента байлап алады. Бұл – байлық, сәттілік шақырады екен. Әдетте, сол қолына байлайды. Лауазымды басшылардың талайының мұны істеп жүргенін көрдім. Сол үшін жаздыгүні жеңі ұзын көйлек киеді. Мұны жасап жүрмеңіздер, құрметті оқырман», – деді парапсихолог.
Оның айтуынша, лауазымды тұлғалардың дені дуа жасатудан тайынбайды. Әсіресе, бұған бәсекелесін қызметтен кетіру үшін барады.
«Ондайлар көп. Зардабын байқап жүріп, куә болдым. Әрине, ешкім «дауа жасаттым, сөйтіп құрттым» демейді. Бірақ адамның қандай нәрсеге ұшырап, қалай жұмыстан кетіп жатқанын көрген кезде, оқиғалардың хронологиясынан үлкен дуа жасалғанын біліп отырасың. Мұндай адамдарға «дем салдырыңызшы» деп ескерткен кезім де болды. Ол кезде өзім де мемлекеттік қызметте жүрдім», – деді Айнұр Әбдірәсілқызы.
Айта кететін жайт, Салтанат Нүкенова ісінде бұрынғы Экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың көріпкелдермен үнемі кеңесіп отыратыны, тіпті, астролог қыздың қызметіне жүгініп, соңында онымен үйленіп, той жасағаны белгілі болды. Бишімбаевтың оқиғасы туралы фильм де түсірілді.