Жаңалықтар

Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек туралы неге сұхбат берді – Жанар Байсеміз түсіндірді  

 «Мөлдір мен Тұрсынбектің отбасы Қазақстаннан бөлек отбасы емес» деді журналист / фото: ашық дереккөзі
«Мөлдір мен Тұрсынбектің отбасы Қазақстаннан бөлек отбасы емес» деді журналист / фото: ашық дереккөзі

Жанар Байсеміз продюсер Мөлдір Мұқанованың Тұрсынбек Қабатовпен ажырасқаны туралы неге сұхбат бергені жайында түсіндіріп берді.

Медиақұрылтайда Мөлдір Мұқанованың басындағы жағдай тағы да сөз болды.

«Отбасы, бұл – құндылық. Мөлдір мен Тұрсынбектің отбасы Қазақстаннан бөлек отбасы емес. Қазақстандағы отбасы. Отбасы – шағын мемлекет. Мемлекетті отбасы құрады. Өзінің деңгейін жоғары қоятын адамдар неге ол жағын ойланбайды? Осы сұхбаттан кейін, қаншама әйел Мөлдірге де, маған да жазып жатыр. Мұндай жағдайда жүрген қаншама отбасы бар», – деді Жанар Байсеміз.

Журналистің пікірінше, «қазақ деген керемет халық, біздің қанымыз таза, отбасылық құндылыққа мән береміз» деп жиі айтылады. Алайда бізде құндылық та, тазалық та қалмаған. Адалдық жоқ.

«Мөлдірге хабарласқан журналистер өте көп болған. Бұл мәселе жан-жақтан гу-гу әңгіме болды. Әр жаққа барғанда, бұл сұрақтарды Мөлдірге қойды. Бірақ ол ештеңе жарияламаймын деді. Арада біраз уақыт өтті. Ол дүние ушығып кетті. Ол кісінің шыдамының шегі таусылды. Төзімі таусылды. Сосын «кешке хабарласып: бәрі сұрап жатыр, сізге сұхбат бергім келеді» деді. Алдында мен шақырғанмын. Мені таңдады», – деді Жанар Байсеміз.

Ал Мөлдір Мұқанованың өзі шындығын айтарда Тұрсынбек Қабатовтың алдынан өткенін алға тартқан еді.