
Кредиттік бюролар Антифрод орталығының құрамына енгізіліп, бір сағат ішінде екі немесе одан да көп банкке түскен несие өтінімдері туралы ақпаратты беруге міндеттеледі.
Бұл өзгерістер Мәжілісте күні кеше мақұлдаған банк туралы заң жобасында жазылған. Мәліметтер алаяқтық әрекеттерінің белгілерін тексеру үшін пайдаланылады. ЭСҚ шығару және бастапқы биометриялық тіркеу тек азаматтың жеке келуі арқылы жүргізіледі.
Жұмыс тобының ұсынысын Мәжіліс депутаттары қолдаған.
Еске сала кетейік, мұның алдында Мәжілісте қабылданған банк туралы заң жобасы қызу талқыланған еді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова заң жобасының негізгі жаңалығы – активтердің жаңа класы ретінде цифрлық қаржы активтерін реттеуді енгізу және олардың Қазақстан аумағындағы айналымына рұқсат беру екенін айтады.