Жаңалықтар

Путин Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінен кезек болмайды деп уәде берді

жүк көлігі кезек жүк көлігі
жүк көлігі / фото: shutterstock

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінен кезек болмайды деп уәде берді. Бұл туралы ол Қырғызстанға сапары кезінде журналистер сұрағына жауап бергенде айтты.

Путиннің сөзінше, шекарада жүк көліктерінің кептеліске ұшырауына көптеген көліктерде тиісті құжаттардың болмауы себеп болған. Ортақ кедендік одақ болғанына қарамастан, Ресей шекарадан өтетін көліктердің құжаттарын тексере бастаған. Путиннің сөзінше, тексеру кезінде көліктерде тиісті құжаттар болмай шыққан.

Ресей президенті бұл мәселені Қасым-Жомарт Тоқаев талқылағанын айтты. Нәтижесінде екі елдің кеден органдары тасымалдаушылар тауарлардың құнын мәлімдейді және түпкілікті алушыны көрсетеді деп келіскен. 

«Бұл жүк көліктерінде шегеден бастап гаухар тас пен теледидарға дейін тасымалдай береді. Бірақ олар аяқ киім бауын алып өтсе де, сатып алушыны көрсетіп, біз одан ҚҚС ала бастауымыз керек. Аз болса да, төлем болуы қажет. Қазір мыңдаған көлік өтіп үлгерді. Жыл соңына дейін кезек болмайды деп ойлаймын», – деді ол.

Осы жылдың күзінде Ресеймен шекаралас аймақтарда «Кеден одағы туралы келісім бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы келіспеушіліктерге байланысты» шекара арқылы жіберілмейтін жүк кластерлері туралы хабарланды.

17 қарашада Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара бекеттерінде шамамен 9 мың жүк көлігі қаңтарылып кезек күтіп тұрған еді.