
Өзбекстандағы Намаган қаласының 50 жастағы тұрғыны Ресей армиясының қатарына ақша үшін кіріп, Украинаға қарсы соғысқа қатысқан.
Бұл үшін Өзбекстан соты оны кінәлі деп таныды. Ол минаға түсіп жараланғаннан кейін, уақытша қызметке жарамсыз болып, Өзбекстанға оралған. Сотта ол мұны қарыpы үшін жасағанын айтты.
Наманган тұрғыны Ресей армиясында келісімшарт бойынша қызмет атқарғаны үшін сотталды. Kun.uz сот үкімімен танысты.
Сот құжатына сәйкес, Наманган қаласында тұратын 50 жастағы Ш.М. бірнеше рет Ресейге еңбек мигранты ретінде барған. 2025 жылдың 10 сәуірінде ол тағы да Ресейге аттанып, 15 сәуірде материалдық пайда үшін Ресей армиясына қызметке кіру туралы келісімшартқа қол қойған. Осыдан кейін қатардағы жауынгер атағын алып, жүргізуші-слесарь ретінде қызметін бастаған.
Сотта ол өз кінәсін толық мойындап, мұны қарызынан құтылу үшін жасағанын түсіндірді. Ол бір жылдық келісімшартқа қол қойғаны үшін 1 млн рубль алған.
Біршама уақыттан кейін, Иваново қаласында жүрген кезінде, ол қателік жасағанын түсініп, Өзбекстанға оралуға шешім қабылдаған. Ер адамның айтуынша, ол Ресейде жұмыс істейтін шетелдіктерге шамамен 5 мың доллар қарыз болған. Басқа амалы қалмағандықтан, қарызын өтеу үшін соғысқа баруды ұйғарған.
Пап ауданының қылмыстық істер жөніндегі сотының үкімімен ол «жалдамалылық» және «шетел мемлекетінің әскери, күштік немесе өзге де құрылымдарына қызметке кіру» бойынша кінәлі деп танылды. Оған жалпы режимдегі колонияда 3 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Мұның алдында «Вагнер» жасағы құрамында Украинада соғысқан қазақстандық сотталған еді.