Банк пен қаржы

Қазақстанда депозит бойынша ставкалар өсуде

депозит теңге несие ақша
Қазақстанда депозит бойынша ставкалар өсуде / Фото: Shuttertsock

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша орташа мөлшерлеме қазан айында 14,6% ға жетіп, бір айда 0,2 п.т. өсті. Ал заңды тұлғалардың депозиттерінің өсуі анағұрлым жоғары болды: 16,3%-ға дейін, бұл қыркүйектегі көрсеткіштен 0,9 п.т. жоғары.

Ұлттық банк статистикасына сүйенетін болсақ, жеке тұлғалардың шартты депозиттері бойынша орташа мөлшерлеме айтарлықтай өсті: бір айда 5%-дан 14,2%-ға дейін (+9,2 п.т.). Заңды тұлғаларда, керісінше, 0,9 п.т. – 13,3%-дан 12,4%-ға дейін төмендеді. Мұндай салымдар бойынша қаражатты алдын-ала белгіленген кезде алуға немесе аударуға болады.

Жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша орташа мөлшерлеме шамалы өсімді көрсетті: 0,2 п.т. яғни 14,6% дейін өсті. Заңды тұлғалардың салымының кірісі 0,9 п.т. – 16,3%-ға дейін өсті. Мерзімді салымдардан ақшаны мерзімінен бұрын алуға болады, бірақ сыйақының бір бөлігінен айырылады.

Бұл салымдарда ставкалар депозит мерзіміне байланысты ерекшеленеді.

Жеке тұлғаларға арналған ставкалар:

  • 1 айға дейін – 15,6% (айына+0,9 п.т.);
  • 1 айдан 3 айға дейін – 16,5% (+0,1 п.т.);
  • 3 айдан 1 жылға дейін – 14,4% (+0,1 п.т.);
  • 1 жылдан 5 жылға дейін – 14,2% (+0,1 п.т.);
  • 5 жылдан көп – 2,2% (-0,1 п.т.).

Заңды тұлғалар үшін:

  • 1 айға дейін – 16,4% (айына+0,9 п.т.);
  • 1 айдан 3 айға дейін – 16% (+0,6 п.т.);
  • 3 айдан 1 жылға дейін – 15,9% (+0,8 п.т.);
  • 1 жылдан 5 жылға дейін – 14,9% (+0,8 п.т.);
  • 5 жылдан жоғары – 9,2% (-3,9 п.т.).

Айта кетейік, осыған дейін екінші деңгейлі банктердегі жалпы депозит көлемі рекордтық 45,7 трлн теңгеге жетіп, бір айда 2,2%-ға артқанын жазған едік.