«Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасы қалай жүзеге асып жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Алматы жастар тұрғын үй бағдарламасы баспана
фото: shutterstock

2025 жылы «Алматы жастары» бағдарламасына 6,6 мың өтініш қабылданып, 2 мыңнан астам адам жеңілдігі бар несиемен баспана сатып алды. Бұл туралы Kursiv.Media қала әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Үй кезегінде тұрған жастар

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қазір 3 мыңнан астам жолдама берілген. Соның ішінде 2 168 алматылық жеңіл несиемен баспана сатып алған.

Қалалық тұрғын үй басқармасының дерегінше, биыл кезекте тұрған 48 азаматқа бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеу үшін тұрғын үй сертификаты тегін берілді. Олардың бәріне 72 млн теңге аударылды.

Жалдамалы тұрғын үй

Бұдан бөлек, Алматыда жалдамалы тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы жұмыс істейді.

«Ерекше қажеттілігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар және жетім балалар санатындағы кезектегілерге жалдау ақысының 50%-ы көлемінде субсидия беріледі», – деп түсіндірді әкімдік.

Бағдарлама операторы – «Отбасы банк». Өтініш онлайн қабылданады. Әкімдік мәліметінше, субсидия алатын 639 азаматтың пәтері тексерілген.

«Алматы Жастары» сайтындағы мәліметке қарағанда, жастардан тұрғын үйге өтішін пен құжат қабылдау 2025 жылғы 14-26 наурыз аралығында жүргізілген.

Бағдарлама кемі 2550 адамға негізделген. Өтініші қабылданған жастар 20 млн теңгеге дейінгі сомадағы несиені 5% үстемемен ала алады.

Сондай-ақ оқыңыз