Жаңалықтар

Байқоңыр айлағынан NASA ғарышкері ғарыш станциясына ұшты

Байқоңыр ғарыш айлағын Ресей Қазақстаннан жалға алып отыр / фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов
фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

27 қарашада Астана уақытымен сағат 14:27-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союс МС-28» кемесі әуеге көтерілді. Үш адамнан тұратын экипаж құрамында NASA ғарышкері де бар. Бұл туралы Kursiv.Media «Роскосмос» мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Ғарыш кемесін орбитаға «Союз-2.1а» зымыран тасығышы алып шықты. Зымыран антенналары мен күн батареялары ашылды. Кеме Халықаралық ғарыш станциясына экспедиция жасайды.

«Союза МС-28» экипажын ресейлік ғарышкер Сергея Кудь-Сверчков басқарады. Ол екінші мәрте ғарышқа ұшты. Сергей Микаев пен NASA ғаршыкері Джонатан Ким алғаш рет орбитаға көтерілді.

Кемеде 125 келіден астам жүк бар. Ол станцияға жеткізіледі.

Ғарыш кемесі Астана уақытымен сағат 17:38-де станциямен түйіседі. Қазір онда алты ғарышкер бар. Олар: Сергей Рыжиков, Алексей Зубрицкий және Олег Платонов, сонымен бірге NASA ғарышкерлері Зина Кардман мен Майкл Финк, JAXA ғарышкері Кимия Юи.

74-экспедиция ғарыш станциясында 242 тәулік болады. Осы уақыт аралығында ғарышкерлер екі мәрте ашық ғарышқа шығуы тиіс.

Байқоңыр – әлемдегі алғашқы әрі ең ірі ғарыш айлағы. Ол 1955 жылы салынған. Қазақстан Байқоңырды Ресейге 2050 жылға дейін жалға берген.