Жаңалықтар

Трамп Ақ үй маңындағы атысты теракт деп атады

Трамп может ввести 500% тарифы для стран, ведущих бизнес с Россией
фото: Фото: REUTERS/Jonathan Ernst

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үй маңында болған атысқа қатысты үндеу жасап, шабуылды теракт деп атады. Бейнеүндеу мемлекет басшысының Truth Social әлеуметтік желісінде жарияланды.

26 қарашада Ақ үйге жақын маңда атыс болды. Ауғанстаннан Америкаға қоныс аударған бір азамат Ұлттық ұланның екі сарбазын жаралады. Олардың жағдайы ауыр екені хабарланды. Қолға түскен күдікті де ұсталды. Ол – Рахманулла Лаканвал. 29 жастағы ауған азаматы 2025 жылы босқын мәртебесін алған.

Трамп атыс болған уақытта Флоридада жүрген.

«Енді біз Байдан билігі кезінде елге Ауғанстаннан келген әрбір шетел азаматын тексеруіміз керек. Біздің елге қосатын үлесі жоқ шетел азаматының кез келгенін елден шығару үшін шара қолдануымыз керек. Олар біздің елді сүймесе, бізге де керегі жоқ. Америка ешқашан террорға бас имейді», – деп мәлімдеді Құрама Штаттар президенті.

Ауған босқынының не себепті мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз.