ҰҚШҰ бас хатшысы Тасмағамбетовтің орнына қырғыз дипломаты тағайындалды

2026 жылдан бастап Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) төрағасы қызметін Таалатбек Масадықов атқарады. Ол Иманғали Тасмағамбетовтің орнына келеді. Бұл туралы Kursiv.Media ұйым мәліметіне сүйене отырып хабарлады.
27 қарашада Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Таалатбек Масадықовты ҰҚШҰ бас хатшысы қызметіне тағайындады. Ол осы қызметті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін атқарады.
Масадықов 2024 жылғы қаңтардан бері Тасмағамбетовтің орынбасары қызметін атқарып келді.
ҰҚШҰ сайтындағы мәліметке қарағанда, 64 жастағы қырғыз дипломаты БҰҰ жүйесінде 12 жыл қызмет атқарған. 2017 жылы Масадықов Қырғызстанда президент сайлауына түскен. Ал 2021 жылғы маусымда қырғыз қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған. Сол жерде үш жыл істегеннен кейін ҰҚШҰ-ға жұмысқа тұрған. Таалатбек қырғыз, ағылшын, орыс және пушту тілдерін біледі.
Кезінде Қазақстан үкіметін, Алматы қаласын, министрлікті басқарған Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы қызметіне 2023 жылғы қаңтарда тағайындалған. Оның осы қызметтен кететіні апта басында мәлім болған.