Авто

Cobalt бәсекелесі Kia Soluto-тың сатылымы басталды. Бағасы қанша 

KIA
Фото: Allur Motor Kazakhstan баспасөз қызметі

Kia компаниясы Қазақстанда Soluto седанын сатылымға шығарды. Бұл модель отандық нарыққа бір ғана қозғалтқыш және баламасыз автоматпен ұсынылып отыр.

Технкалық сипаттамасы

Kia Soluto ұзындығы шамамен 4,3 метр болса, дөңгелек базасы – 2,57 метр. Жүксалғыш көлемі –  475 литр. Қазақстанда седан 1,4 литрлік атмосфералық қозғалтқышпен (95 ат күші, 132 Нм) және автоматты беріліс қорабымен ғана жабдықталады. Ең жоғары жылдамдығы–  сағатына 180 шақырым.

Баға

Kia Soluto брендтің қолжетімді қала көліктері сегментіндегі модельдер қатарын толықтырды. B-класс санатындағы бұл седан жас жүргізушілер мен отбасыларға арналған. Comfort жиынтығы 8 млн теңгеге, ал Prestige нұсқасы 8,5 млн теңгеге бағаланған.

Allur Motor Kazakhstan баспасөз қызметі

Жаңа Kia Soluto-ның бастапқы комплектациясына екі қауіпсіздік жастығы, 14 дюймдік штампталған дискілер (қақпақтармен), дискілі тежегіштер және жылыту пакеті (айналар мен алдыңғы орындықтарды жылыту) кіреді. Салон мата материалымен қапталған, ал жасанды былғары тек рөл мен беріліс тұтқасында қолданылады. Кондиционер стандартты түрде орнатылған.

Allur Motor Kazakhstan баспасөз қызметі

Аспаптар панелі толық цифрлы емес, тек аналогты көрсеткіштер және 2,8 дюймдік борттық компьютер экраны бар. Медиажүйе 7 дюймдік дисплеймен, артқы көрініс камерасымен, алты динамикпен және Apple CarPlay мен Android Auto қолдауымен жабдықталған.

Қауіпсіздік

Kia Soluto алдыңғы екі қауіпсіздік жастығымен, тұрақтылықты бақылау жүйесімен, шасси тұрақтылығын электронды реттеумен және көтерілісте қозғалысты жеңілдететін көмекшімен жабдықталған. Сонымен қатар, ISOFIX бала орындықтарына арналған бекіткіштер мен қозғалыс басталған кезде есіктерді автоматты түрде құлыптау функциясы бар. Артқы көрініс камерасын да орнатуға болады.

Kia өкілдері Қазақстандағы Soluto моделі үшін 5 жылға немесе 150 мың шақырым жүріс көлеміне дейін кепілдік берілетінін мәлімдеді.

Еске салайық, Қазақстанда Kia Sorento көлігінің отандық нарыққа арнайы әзірленген шектеулі сериясы –Tulpar сатылымға шықты. Модельдің бағасы 23,99 млн теңгеден басталады.