Әбиба Әбужақынова Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды
Жарияланды

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қола медаль иегері атанды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен қола үшін белдесуде Әбиба испаниялық спортшы Ева Перес Солермен татамиге шықты. Тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық дзюдошы қарсыласынан басым түсіп, жүлделі үшінші орынға ие болды.
Осы нәтижесі арқылы Әбужақынова жарыстың жеңіс тұғырына көтерілген жалғыз қазақстандық спортшы атанды. Айта кетейік, турнирдің алғашқы жарыс күнінде финалдық кезеңге жолдама алған тек Әбиба болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Grand Slam турнирі Астанада өтіп, қазақстандық дзюдошылар алтынсыз қалған еді.