Жаңалықтар

Есірткі сатқан медбике 10 жылға сотталды

Күдікті бұған дейін де дәл осындай қылмыс үшін сотталған / фото: shutterstock
Күдікті бұған дейін де дәл осындай қылмыс үшін сотталған / фото: shutterstock

Отбасылық емхананың филиалында патронаждық медбике болып жұмыс істейтін әйел 5 грамм героин және 1,2 келі апиынмен ұсталды.

Сотта ол апиынды өзі пайдаланатынын айтып, үйінде табылған есірткіні сатпақ болғанын жоққа шығарды.

Бұрын да сотталған

Kun.uz ақпаратына қарағанда, күдікті бұған дейін де дәл осындай қылмысы үшін сотталған. Ол кезде 6,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы үш жылдық сынақ мерзімімен шартты жазаға ауыстырылған.

2025 жылдың маусымында күдікті аты-жөні бөлек қаралған Журабек және Ойбек есімді адамдармен бірігіп, Самарқанд облысында ірі көлемде апиын мен героин сатуды жоспарлаған. 23 маусымда Ургут ауданының тұрғынынан 5,05 грамм героинді 2 млн сумға және 1 226 грамм апиынды 102 млн 984 мың сумға сатып алған. Есірткіні қайта сатуды көздеп, үйінде сақтаған.

Кінәсін мойындамады

Шілде айында оны Самарқанд облысы бойынша Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің жедел қызметкерлері ұстаған.

Сотта әйел өз кінәсін мойындамады.

«Бұрын алған жарақатымның салдарынан шамамен бір жыл бойы апиын қолданамын. 1 шілде күні таңертең көршім У.-дан өзіме деп 10 грамм апиын сатып алдым. Сол кезде ол маған шамамен 1 келі апиыны бар пакетті ұстап тұра тұруымды сұрады. Қайтып келгенде алып кететінін айтты. Мен пакетті сөмкеме салып қойдым. Есірткіні сатпақ ойым болған жоқ. Тергеу кезінде маған қысым жасалды», – деді ол.

Сондай-ақ М.М. соттан өзінің әйел екенін және денсаулығының нашарлығын ескеруді сұрады.

Ауыр жаза

Алайда сот оның айтуын жауапкершілікті жеңілдету әрекеті деп бағалады. Күдіктінің кінәсі куәгерлердің берген куәліктері және басқа да айғақтармен толық дәлелденді.

Ургут аудандық сотының үкімімен ол «ірі көлемде есірткіні заңсыз өткізуге оқталу» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мұның алдында балаларға есірткі туралы әңгіме айтатын ойыншықтың сатылуына тыйым салынғаны туралы ақпарат тарады.