
29 қарашадан бастап Астанада үш автобус бағыты іске қосылады. Олар:
№ 65 автобус – Болашақ көшесі – «Отау» шағын ауданы;
№ 68 автобус – «Газмашаппарат» АҚ – «Бағыстан» тұрғын үй кешені;
№ 78 автобус – Ұлттық шұғыл медициналық үйлестіру орталығы – № 64 мектеп-лицейіне дейін.
Жаңа автобустар елорданың бірқатар маңызды нысаны арқылы жүреді. Мысалы, № 65 бағдар жаңадан ашылған Шаймерденов көшесімен қатынайды, № 68 бағыты «Бағыстан» тұрғын үй кешені қаланың оң жағалауымен байланыстырып, Әзербаев және Жұмабаев көшелерін қоғамдық көлікпен қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, Астанада енді жекеменшік мектепте оқитын балалар да қоғамдық көлікте тегін жүре алады.