Бір палаталы парламентте президент квотасы болмайды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазір қос палатада 148 депутат бар/фото: kursiv.media архиві

Бір палаталы жаңа парламентте президент квотасы болмайды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

 «Биылғы жолдауымда бір палаталы парламент құру туралы бастама көтердім. Бұл осыған дейінгі саяси өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады. Біз «Күшті президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет» қағидатын орнықтыра түсеміз, яғни еліміз президенттік республика болып қала береді», – деді Тоқаев.

Айтуынша, жаңа бастама қоғамда қызу талқыланып жатыр. Парламенттің құрылымына қатысты көптеген ұсыныс келіп түскен. Мысалы, депутаттардың саны халық санына сәйкес, яғни пропорционалды болуға тиіс деген ойлар айтылып жатыр.

«Мұндай ұстаныммен қарайтын болсақ, олардың саны 200 адамға жетеді. Қазір қос палатада 148 депутат бар. Парламенттік реформа – екі палатаны жай біріктіре салу деген сөз емес. Меніңше, депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ. Керісінше, оңтайландыру керек, парламенттің жұмысын жетілдіру қажет. Мысалы, бір палаталы жаңа парламентте президент квотасы болмайды», – деді президент.

Барлық депутат бірдей тәртіппен сайлануы қажет.

Тоқаев бір палаталы парламент құрылатынын хабарлағаннан кейін, парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Сондай-ақ оқыңыз