Алтын ұрлағаны үшін іздеу жарияланған әйел Түркияда ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Күдікті Қазақстанға депортацияланып, қамауға алынды/фото: ІІМ

Ішкі істер министрлігі зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін іздеуде жүрген қазақстандықты ұстады. 33 жастағы әйел Стамбулда ұсталған.

Оған қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеу жарияланған.

«2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың маусымына дейін Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істеп, құны 156 млн теңгеден асатын бұйымдарды ұрлап кеткен», – деп хабарлады полиция.

27 қарашада түрік құқық қорғау органдары көмегімен күдікті Қазақстанға депортацияланып, қамауға алынды.

Айта кетейік, бұған дейін қаржылық мониторинг агенттігі Беларусь азаматы «Mellstroy» лақап атымен танымал блогер Андрей Буримге халықаралық іздеу жариялады.

Сондай-ақ оқыңыз