Өзбекстанда электронды темекіге тыйым салынды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

Өзбекстанда электронды темекінің айналымына толықтай тыйым салды. Енді электронды темекіні өндіру, сақтау немесе тасымалдау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Тіпті бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленеді.

Ел үкіметінің хабарлауынша, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев электронды темекі мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымына тыйым салатын заңға қол қойды. Құжат жарияланғаннан кейін, үш ай өткен соң күшіне енеді.

Электронды сигареттер, темекі өнімдерін және кез келген никотин құрылғыларын өндіру, сақтау, тасымалдау, сондай-ақ елге әкелу және елден шығару қылмыс деп танылады. Ал заң бұзғандар үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

«Егер адам өз кінәсін мойындап, билік органдарына тыйым салынған өнімдерді өз еркімен тапсырса, ол жауапкершіліктен босатылады», – делінген құжатта.

Еске сала кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда темекі бағасы күрт көтеріледі. Ал 2030 жылға қарай шылым екі есе қымбаттайды

Сондай-ақ оқыңыз