«Қайрат» – «Олимпиакос» матчының билеттері сатылымға шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Кайрат Олимпиакос
коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Freedom Ticketon UEFA Чемпиондар Лигасы аясында өтетін «Қайрат» – «Олимпиакос» матчына билеттер сатылымға шыққанын хабарлады. Ойын 2025 жылдың 9 желтоқсанында «Астана Арена» стадионында өтеді.

Билетті сатып алу үшін пайдаланушы ЖСН, мобильді телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайын көрсетуі қажет. Бір пайдаланушы екі билеттен артық сатып ала алмайды, ал төлем тек бір банк картасы арқылы қабылданады.

Билеттерді рәсімдеу тәртібі бойынша матч күні SMS-хабарлама келеді және көрсетілген e-mail мекенжайына QR-билет сілтемесі жолданады.

Сатылым тек ресми мобильді қосымшалар арқылы жүзеге асады: Freedom SuperApp және Qairat SuperApp.

Ұйымдастырушылар жанкүйерлерге ресми емес көздерден билет сатып алмауға кеңес береді.

Еске сала кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы соңғы матчында даниялық «Копенгаген» командасына 3-2 есебімен есе жіберген еді.

Сондай-ақ оқыңыз