
Нұрлан Еспанов концерт алдында әнші Өмірқұл Айниязов пен Серік Ибрагимовтың сахнаға киетін костюмдерін келеке етті.
«Ойбай, қарасаңыздаршы. Мынау Шоқан Уәлиханов атамызға ұқсап жүр. Иығына пагон қойсаң болды», – деп сөз қағытты Өмірқұл Айниязовтың костюмін көрсетіп.
Тіпті, Өмірқұл Айниязовтың сахналық киіміне қарап, біресе Ұлыбританияның императорына, біресе Криштиану Роналдуға теңеді.
«Қып-қызыл болып киініп алыпсың. Бұқа көрсе, сені қуып кетпесінші. Не деген ою мынау!» – деп те қалжыңға басты.
Серік Ибрагимов те сыбағасыз қалмады. Нұрлан Еспанов қазақы қалжыңмен оны да түйреп өтті.
«Серікті қарасаңыздаршы. Мына шалбарының ішіне екі адам сыйып кетеді. Өмірқұл, не істейміз?» – деп әзілдеді әнші.
Қос әншінің аяқ киімдері де құр қалмады. Әсіресе, Өмірқұл Айниязовтың топылайы қатты таңырқатқан.
«Туфлиді қарасаңыздаршы. Айна секілді жалтырап тұр. Қайызғақ түсіп кетпесінші», – деді ол.
Еспановтың қағытпалары көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Оқырмандары «көңіл-күйді көтеретін позитив адамсыз» деп баға берді.
Мұның алдында Нұрлан Еспанов Нұрболат Абдуллинді көкпар атына теңеген еді.