«Қайрат» футболшысы Дастан Сәтбаев «Дарын» сыйлығын алды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Дастан Сәтбаев Қайрат футбол клубы футболшы
фото: REUTERS/Claudia Greco

«Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтбаев «Дарын» сыйлығының иегері атанды. Алайда жас футболшы Астанадағы салтанатты жиынға қатыса алмады. Оның себебін алматылық клуб түсіндірді.

26 қарашада Астана қаласында кәсіби салада жетістікке жеткен дарынды жастарға берілетін «Дарын» сыйлығын марапаттау рәсімі өтті. «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтбаев «Спорт» саласы бойынша жеңімпаз деп танылды.

«Бұл — оның еңбегі мен тәртібінің, отандық футболдың дамуына қосқан үлесінің де нәтижесі», – деп бағалады «Қайрат» футбол клубы.

Шабуылшы елордадағы салтанатты жиынға қатыса алмаған. Себебін клубтың баспасөз қызметі былай деп түсіндірді:

«Чемпиондар лигасының матчтарына дайындық кестесінің тығыздығына байланысты Дастан салтанатқа өзі қатыса алмады. Оның орнына ол құттықтау мен алғыс сөзін арнайы видео арқылы жолдады».

Сыйлық тапсыру салтанаты өтіп жатқан уақытта Дастан Копенгагенде жүрген. Шабуылшы жергілікті клуб қақпасына бір гол соққан. Данияда өткен «Копенгаген» – «Қайрат» матчы 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілген.

2025 жылы «Дарын» сыйлығын алғандар арасында әнші Еңлік Құрарбек (Yenlik) пен «Славян базары-2024» халықаралық вокалдық байқауының бас жүлдегері Ерназар Жұбан да бар. Танымал виолончелист Бағжан Октябрь де осы сыйлыққа ие болды.

Сондай-ақ оқыңыз