Жедел жәрдем қызметінің тарифі көтеріледі

Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмек аясында халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету қызметінің тарифін 20 теңгеге көтереді. Бес жыл бұрынғы бұйрыққа өзгеріс енгізуді көздейтін жоба Ашық НҚА порталында жарияланды.
Бұйрық туралы
Министрлік бұйрығының жобасы 28 қарашада жарияланды. Құжат порталда 15 желтоқсанға дейін талқыланады. Дәрігер еңбегін қаржыландыруды ұлғайтуды көздейтін жобада былай делінген:
«МСАК ұйымдарының жұмыс уақытынан тыс шақыруларының 4 дәрежелі шұғыл жағдайларына кеткен шығындарды төлеу тарифі бір адамға 340 теңгеден 360 теңгеге дейін өседі».
Министрлік мұндай қадам құтқару қызметтері ресурстарын күшейтеді, азаматтар өтінішіне жылдам жауап алады деп есептейді.
«Тарифті көтерудің қарапайым азаматтарға ешқандай қатысы жоқ. Жедел жәрдем бәріне тегін болып қала береді», – деп түсіндірді денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Kursiv.Media тілшісіне.
2025 жылғы қарашада Қазақстанда гонконг тұмауы өршіді. Көпшілікке танымал америкалық ғалым Алмас Шарман биыл қыста жағдай қиындайды деп болжады.
Бала гонконг тұмауын (H3N2) жұқтырған жағдайда не істеу керек екенін білмесеңіз, дәрігер кеңесіне құлақ асыңыз.