Lifestyle

Тоғыз жылдан кейін әке атанған Елдос Колобок ренішін айтты

Елдос Калабок сүйінші сұрады / фото: instagram.com/eldos_kalabok
Елдос Калабок сүйінші сұрады / фото: instagram.com/eldos_kalabok

Белгілі блогер Елдос Кәдірханов (Колобок) ұзақ жылдар күткен қуанышты сәтін бөлісіп, Аман Тасығанға берген сұхбатында кейбір таныстарының салқын қабағына ренішін жасырмады.

Елдостың айтуынша, кезінде достарымен қалжыңдасып, «балалы болсам, көрімдікті доллармен бересіңдер» деп әзілдеген екен. Расында да доллар әкеліп құттықтағандар да табылды. Алайда кейбір таныстары бұған дейін «балалы болсаң, көлік әперем», «пәтер сыйлаймын» деп уәдені үйіп-төккенімен, туған сәттің өзінде бір ауыз «құтты болсын» деп жаза алмаған.

YouTube video player

Блогер бұл қуанышқа оңай жетпегенін де атап өтті. Осыған дейін, өткен қыста, ол Түркияда бедеулікке қарсы ота жасатқанын ашық айтқан болатын. Сол кезде оған Ләйлә Сұлтанқызының қоры қолдау көрсеткен.