Банк пен қаржы

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды

фото: Асқар Акулин

28 қарашада Ұлттық банктің ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімін шығарып, 18% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды.

Банк мұндай шешімді «негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған бағаларына және инфляциялық тәуекелдерді» ескере отырып қабылдады.

Жылдық инфляция қазанда 12,6% болды (қыркүйекте – 12,9%). Азық-түлік тауарлары 13,5%-ға (12,7%), басқа да тауар бағасы 11%-ға (10,8%) көтерілді.

ҰБ өткен айда инфляция 0,5%-ға дейін баяулағанын ескертіп отыр. Алайда базалық инфляция 1%-ға көтерілген.

Банк төрағасы Тимур Сүлейменов сыртқы факторларға да тоқталды. Мәселен, Ресейде инфляция бәсеңдегеніне қарамастан, 4%-дық нысанадан едәуір асып түсті. Осыған байланысты реттеуші қатаң риториканы сақтап, тежеуші ақша-кредит шарттарын ұстап тұру қажет деп мәлімдеді.

Шешім қабылдаған уақытта Brent маркалы мұнай бағасы 60 доллар деңгейінде сақталды.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда реттеуші базалық мөлшерлемені бірден 18% деңгейіне дейін көтерген. Бұл шешімін бағаның шектен тыс өсіп кетуімен түсіндірген еді.

Goldman Sachs сарапшылары Ұлттық банкі комитеті базалық ставканы өзгеріссіз 18,00% деңгейінде сақтайды деп болжаған. Ал JP Morgan базалық ставканың 100 базистік тармаққа көтереді деген .