
Ғалымдар ауыл шаруашылығы саласын түбегейлі қайта құрып, жаһандық жеткізу тізбектерін өзгертуді ұсынды.
Олардың пікірінше, адамдардың негізгі қорегі өсімдік негізіндегі тағамдардан, балық және тауық етінен тұруы тиіс.
The Lancet пікірінше, қызыл еттің, тұздың және қанттың тұтыну мөлшері айтарлықтай азайтылуы керек. Ғалымдардың есебінше, бүкіл әлемдегі тамақтану жүйесін өзгерту үшін жыл сайын 200-500 млрд доллар қажет болуы мүмкін.
Халықаралық EAT-Lancet комиссиясының баяндамасында қазіргі тамақтану диабетке, жүрек ауруларына және семіздікке әкелетіні айтылған. Сонымен қатар, қазіргі азық-түлік жүйесі климаттың өзгеруін жылдамдатып, ормандарды жойып, суды ластап, әлеуметтік теңсіздікті күшейтіп отыр. Сарапшылардың айтуынша, жер бетіндегі адамдардың жартысынан көбі сапалы азыққа қол жеткізуде қиындық көреді.
Зерттеудің авторлары ірі қара етін өндіруді шамамен үштен бірге қысқартып, керісінше, жемістер, көкөністер және жаңғақтар өндірісін 63%-ға арттыру қажет деп есептейді. Сондай-ақ олар зиянды тағамдарға қосымша салық енгізуді және пайдалы өнімдерді өндіруге субсидия беруді ұсынады.
Мұның алдында Алматыда ең арзан тауық еті бірден 550 теңгеге қымбаттайтыны туралы ақпарат шықты.