Жаңалықтар

Аида Балаева премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

Балаева заявила, что пранки нарушают личное пространство казахстанцев
фото: ашық дереккөзден

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақордадан хабарлайды.

Аида Балаева 2023 жылы Мәдениет және ақпарат министрі ретінде сайланған.

Ол 1974 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «орыс тілі және әдебиет» мамандығы бойынша бітірді. Кейін ұлттық аграрлық университетті аяқтады.

Мансабының бастапқы жылдары Алматы әкімдігінде жұмыс істеді. Кейін Алматы ішкі саясат департаменті бас директорының бірінші орынбасары, біраз уақыттан кейін директоры болды.

Астанадағы ішкі саясат басқармасының да басшысы атанды. Төрт жылдан астам уақыт қала әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

Осы жылы Forbes Woman нұсқасы бойынша Аида Балаева елдегі ең ықпалды әйелдер рейтингінде алғашқы үштікке кірді.