Жаңалықтар

Алматыға қашан қар жауады: синоптиктер болжам жасады

фото: shutterstock

«Қазгидромет» синоптиктері 2-4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандар алдағы уақытта күн суытады деп ескертеді.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Қар аралас жаңбыр жауады. Республиканың солтүстігі, шығысы және орталығында жаяу бұрқасынжүріп, көктайғақ болады деп болжанады.

«Тек батыста, ал 2–3 желтоқсанда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон ықпалына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болмақ», – деп хабарлады синоптиктер.

Алматылықтар қарды желтоқсанның алғашқы аптасының соңына қарай көре алады. 6 желтоқсан және 8-10 желтоқсан аралығы қар аралас жауын жаууы мүмкін. Ал ауа температурасы +3… +6 аралығында қалады, айтарлықтай өзгерістер болмайды дейді мамандар.

Жалпы синоптиктер биыл қыс жылы болады деп болжайды. «Қазгидромет» мәліметінше, желтоқсан айы жылы және орташа жауын-шашынды болмақ.