Жаңалықтар

Алғабастағы өрт: аруханаға түскен 7 жасар бала қайтыс болды

фото: shutterstock.com

8 қараша күні таңсәріде Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында екі қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 12 адам мерт болған еді. Өрттен 3 адам аман қалған болатын. Олардың бірі 7 жасар баланың кеше, 30 қарашада ауруханада көз жұмғаны белгілі болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«2025 жылдың 30 қарашасында Жетісай ауданында болған өрт салдарынан өте ауыр жағдайда жеткізілген 2018 жылғы науқас көз жұмды. Көрсетілген интенсивті терапияға, бейінді мамандардың кеңестеріне, реанимациялық және дезинтоксикациялық шаралардың толық кешеніне қарамастан, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымынан пациентті аман алып қалу мүмкін болмады» делінген басқарма хабарламасында.

19 қараша күні құтқарылған 3 адамның денсаулығы ауыр екені мәлім болған. Кейіннен науқастар есін жиған соң оларды Шымкенттегі арнайы емдеу орталығына жеткізілген болатын.

Өрттен қайтыс болғандардың жетеуі бір отбасының адамы. Қалғаны үй иесінің анасы, ағасының төрт баласы екені белгілі болды. Өрттен 3 адам аман қалған. Олар үй иесінің ағасы мен жеңгесі және олардың қызы еді.