Алматыда жаңа BRT желісі іске қосылады: тұрғындар нені білгені жөн

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматыда жаңа BRT желісі іске қосылады/фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 14 желтоқсаннан бастап Желтоқсан көшесінде BRT (Bus Rapid Transit) желісі іске қосылады.

BRT – арнайы жолақпен жүретін, жылдамдығы жоғары автобустар желісі.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, оның ұзындығы 4,6 шақырым болады. Жаңа желі Тимирязев көшесіндегі қолданыстағы BRT учаскесі мен Райымбек батыр даңғылы бойында салынып жатқан аумақты жалғайды. Осылайша оңтүстіктен солтүстікке қарай автобустың жылдам жүруін қамтамасыз етеді.

Солтүстік бағытқа қозғалғанда бөлінген жолақ көшенің оң жағында, ал кері бағытта сол жағында сызылған.

Жүргізушілер жол ережелерін сақтап, жолдағы таңбалар мен белгілерге мұқият назар аударуы қажет. Бұл аумақта фото және видео тіркеу жүйелері жұмыс істейді.

Айта кетейік, жаңа бағыт бойынша автобустар екі бағытқа да қатынайды. Басында №92 және №59 маршрутын іске қосу жоспарланған.

2023 жылы қалада қоғамдық көлік инфрақұрылымына LRT, BRT желілері қосылатыны айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз