
Дональд Трамптың жұбайы, АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп Muse Films атты кинокомпания ашатынын хабарлады. Компанияның бірінші жобасы – Мелания туралы деректі фильм.
Фильмді режиссер Бретт Рэтнер түсіреді. Картинада бірінші ханымның жұбайы президент болғанға дейінгі және кейінгі кезеңдегі сахна сыртындағы өмірі сипатталады. Ақ үй, Дональд Трамп, ұлының қатысуымен болған отбасылық сәттер де болады.
«Мелания» фильмінің премьерасы 2026 жылдың 30 қаңтарына жоспарланған. АҚШ-та және өзге де елдердің кинотеатрларында көрсетіледі. Сондай-ақ Prime Video компаниясы деректі фильмді көрсету құқығын 40 миллион долларға сатып алды.
Мелания Трамп еңбек жолын модель ретінде бастады, түрлі сән журналдарының мұқабасына шықты. Ол Дональд Трамппен 1988 жылы танысып, 2005 жылы үйленді. Екеуінің Баррон Трамп деген ұлы бар.
Осы жылы жазда АҚШ-тың бірінші ханымы ретінде Ресей президенті Владимир Путинге бейбітшілік хатын жазып, балаларды қорғауды сұраған.