
Қазақстанның магистральдық мұнай құбыр жүйесі арқылы ішкі нарыққа мұнай тасымалдау құны алдағы бес жылда кезең-кезеңімен қымбаттайды. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» компаниясы хабарлады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 тонна мұнайды 1000 шақырымға тасымалдау құны 6 777,76 теңге болмақ. Бұл көрсеткіш қолданыстағы тарифтен 1 862,55 теңгеге жоғары. Яғни тариф 37,9%-ға қымбаттайды. Одан кейінгі жылдары:
- 2027 жылғы 1 қаңтардан – 6 960,90 теңге
- 2028 жылғы 1 қаңтардан – 7 270,83 теңге
- 2029 жылғы 1 қаңтардан – 7 564,99 теңге
- 2030 жылғы 1 қаңтардан – 8 018,58 теңге болады.
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстанның магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ тобына кіреді. Компания ұзындығы 5,2 мың шақырым болатын магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне иелік етеді.
2024 жылы ҚТО топ-менеджерлері 484,4 млн теңге сыйақы алған.