
Қазақстандағы көмір өндіретін ірі компанияның бірі – «Шұбаркөл Премиумның» иелері ауысты. Компания акцонерлері қүрамынан Forbes тізіміне кіретін Кеңес Рақышев пен Шухраб Ибрагимов шыққан. Оларды Astra Capital Ltd. атты жеке компания алмастырған. Алайда Astra Capital Ltd.-тің жалғыз иесі де, басқарушысы да — Шухрат Ибрагимов. Осылайша көмір кәсіпорнын Ибрагимов жеке компания арқылы жалғыз иеленеді.
egov.kz дерегіне сәйкес, аталмыш компания 2025 жылдың наурызында АХҚО аумағында тіркелген.
Рақышев пен Ибрагимов 2024 жылдың қыркүйегінен бері компанияны тең иеленіп келді. Оған дейін «Шұбаркөл премиум» кәсіпкер Тимур Құлыбаевқа тиесілі болған еді. 2024 жылдың 13 қыркүйегінен бастап акционерлері өзгерді. FCI Management LLP ЖШС, «Trans Coal Investment group» ЖШС және Joint Resources АҚ арқылы кен орнын миллиардер Ибрагимов Шухрат пен Кеңес Рақышев иемденді. Ол кезеңде компания акциялары сатып алу-сату келісімі аясында қайта бөлінген, бірақ мәміленің құны жария етілмеген.
Компания Қарағанды облысындағы Шұбаркөл кен орнында, «Орталық-2» учаскесінде ашық әдіспен көмір өндіреді. 25 жылдық кен өндіру келісімшарты 2013 жылы жасалған.
Бұған дейін шығыны көп компания саналған «Шұбаркөл премиум» 2024 жылы 5 млрд теңге пайда тапқан.
Кеңеа Рақышев 435 млмн доллар байлығымен елдегі ең бай 75 бизнесмен тізімінде 23-орында тұр. Ал Шухрат Ибрагимов 2025 жылы ықпалды бизнесмендер қатарында 8-орынға жайғасқан.