
Теңге екі ай қатарынан тұрақтылып танытып тұр. Ұлттық валюта соңғы айда 3,3%-ға нығайды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарламасында жазылған.
Валюта нарығындағы белсенділік те артты: Қазақстан қор биржасында бір күндегі сауда көлемі 271 млн доллардан 280 млн долларға дейін артып, бір айда 5,6 млрд долларды құрады.
Ұлттық қордан 600 млн доллар сатылған
Ай ішінде Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт бөлу үшін 600 млн доллар сатылды. Бұл жалпы сауда-саттық көлемінің 10,7%-ын немесе күн сайын шамамен 30 млн долларға тең. Үкіметтің болжамды өтінімдеріне қарай желтоқсанда Ұлттық қордан 400–500 млн доллар сатылмақ.
Қарашада «айналау» операциялары аясында нарықтан 475 млрд теңге алынған. Осы көлем желтоқсанға да жоспарланып отыр.
Ал квазимемлекеттік сектор компаниялары міндетті нормалар аясында шамамен 390 млн доллар сатқан.
БЖЗҚ активтерінде валюта үлесі 40%-дан асқандықтан, Ұлттық Банк қарашада да, желтоқсанда да зейнетақы портфеліне доллар сатып алмайды.
28 қарашада Қазақстан қаржы биржасында (KASE) доллар күрт арзандады. 1 АҚШ доллары шамамен 510 теңге болды. Бір тәулікте ұлттық валюта шамамен 6 теңгеге нығайды.