Украина мұнай құбырына жасалған шабуыл Қазақстанға бағытталмағанын мәлімдеді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Украина мұнай құбыранак жасалған шабуыл Қазақстанға бағытталмаған деп атап өтті / бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Украинаның Сыртқы істер министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) инфрақұрылымының зақымдануына байланысты Қазақстаннның наразылығына ресми жауап жариялады. Мекеменің айтуынша, украин тарапының әрекеті Қазақстан немесе басқа үшінші мемлекеттерге бағытталмаған.

Министрлік мәлімдемесінде барлық әскери қадамдар Ресейдің толық масштабты агрессиясына тойтарыс ретінде жасалып отырғаны, бұл БҰҰ Жарғысының 51-бабында көрсетілген өзін-өзі қорғау құқығына сәйкес жүзеге асырылатыны атап өтілген.

Украина Қарулы күштері стратегиялық мақсатқа сай операциялар жүргізіп, Ресейдің әскери-өндірістік әлеуетін әлсірету және соғыс жүргізу мүмкіндігін шектеуге бағытталған әрекет жасап жатқаны айтылды.

Сонымен бірге Украина СІМ Қара теңіз өңіріндегі тұрақсыздықтың жалғыз себебі — Ресей агрессиясы екенін тағы да атап өткен.

Украина СІМ-нің дерегінше, Ресей жақында зымыран дрондармен тоғыз сағат шабуыл жасап, соның салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тауып, жүздеген мың адам жарықсыз қалған.

Украина барлық тарапты «агрессорға» соғысты тоқтатуға ықпал етуге шақырды.

29 қараша күні Новороссийск портындағы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз инфрақұрылымына пилотсыз жүзу құралдары шабуыл жасады. Нәтижесінде, ВПУ-2 айлақ құрылғысы қатты зақымданып, жұмысы тоқтаған.

Мұнай құбырына жасалған шабуылдан кейін Қазақстан Украинаға үндеу жасап, ресми наразылық білдірді.

«Осы оқиғаны Қазақстан Республикасы мен Украинаның екіжақты қатынастарына залал келтіретін әрекет ретінде бағалаймыз және украин тарапы мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдайтынын күтеміз», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Аталымыш құбыр Қазақстан үшін өте маңызды. Өйткені шетелге экспортталатын мұнайдың 80 пайызы КҚК арқылы тасымалданады.

Сондай-ақ оқыңыз