Бас прокуратура Ербаян Мұхтардың ісін толық өз бақылауына алды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

Бас прокуратура әскерде жараланған Ербаян Мұхтардың ісін толық өз өндірісіне алып, барлық материалды жан-жақты қайта зерделейтінін мәлімдеді. Бұл туралы әлеуметтік желіде оның адвокаты Инга Иманбай хабарлады.

«Президенттің тікелей тапсырмасынан кейін бұл іске жаңа серпін беріліп отыр.
Енді біз Ербаян Мұхтардың ісінде әділдік орнайтынына, ал Ербаянды осы күнге жеткізген кінәлі адамдардың жауапқа тартылатынына сенеміз», – дейді ол.

Ербаян 2 қыркүйекте емінің екінші курсын алу үшін ата-анасымен Ыстанбұлға ұшып кеткен болатын. Түркияда ем алған сарбаз жақында ғана Қазақстанға оралды.

Еске сала кетейік, Ербаян Мұхтар әскерде жүріп, бас-ми жарақатын алғаннан кейін комаға түскен. Министрлік оның азаматтық емханада қаралуына рұқсат бергенімен, емхана біраздан соң сарбазды үйге шығарып жіберген. Осыдан кейін оның отбасы қазақстандықтардан көмек сұрап, Ербаянның еміне қаржы жинауға шот ашқан. Халық 140 млн теңге жинап берген. Осыдан соң оған Ыстанбұлда ота жасалған.  

Сондай-ақ оқыңыз