Orda бас редакторы Гүлнар Бажкенова үй қамаққа алынды
Жарияланды
(жаңартылды )

Тергеу соты ORDA басылымының бас редакторы Гүлнар Бажкенованы үй қамаққа алуға санкция берді. Бұл туралы әлеуметтік желілерде редакция адвокаты Мұрат Адам хабарлады.
«Тергеу соты 2 ай үй қамауға алу туралы шешім шығарды», — деп жазды Мұрат Адам өзінің Facebook парақшасында.
Айта кетейік, 1 желтоқсан күні таңертең Алматыда ORDA редакциясында және Бажкенованың пәтерінде тінту басталды. Бұл туралы ақпаратты Kursiv.Media-ға Алматы полиция департаментінде расталған.
Ведомство жалған мәліметтерді таратқаны үшін бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.