Жаңалықтар

Orda бас редакторы Гүлнәр Бажкенова үй қамаққа алынды

Бажкенова
Orda бас редакторы Гүлнәр Бажкенова үй қамаққа алынды / Фото: Elmedia Kazakhstan видеосынан скриншот

Тергеу соты ORDA басылымының бас редакторы Гүлнәр Бажкенованы үй қамаққа алуға санкция берді. Бұл туралы әлеуметтік желілерде редакция адвокаты Мұрат Адам хабарлады.

«Тергеу соты 2 ай үй қамауға алу туралы шешім шығарды», — деп жазды Мұрат Адам өзінің Facebook парақшасында.

Айта кетейік, 1 желтоқсан күні таңертең Алматыда ORDA редакциясында және Бажкенованың пәтерінде тінту басталды. Бұл туралы ақпаратты Kursiv.Media-ға Алматы полиция департаментінде расталған.

Ведомство жалған мәліметтерді таратқаны үшін бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.