Orda.kz редакциясында тінту, бас редакторы Бажкеноваға қылмыстық іс қозғады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Гульнар Бажкенова
Фото: Elmedia Kazakhstan видеосынан скрин

1 желтоқсан Алматыда ORDA редакциясында және бас редактор Гүлнар Бажкенованың пәтерінде тінту жүргізіле бастады. Бұл ақпаратты Алматы полиция департаменті «Курсивке» растады.

Полиция департаментінің мәліметінше, Гүлнар Бажкеноваға қатысты бірнеше рет жалған ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық істер қозғалған.

Алдын ала дерек бойынша, 2024 жылғы бір жарияланымда құқық қорғау органының қызметкері пара алып жатқан жерінен ұсталды деген мәлімет таратылған. Шын мәнінде мұндай факт болмаған дейді департаменттен.

Тағы бір жарияланымда, мүліктік дауға байланысты залал көлемі мен себептері туралы дәл емес, бұрмаланған ақпарат берілген көрінеді. Бұл қоғамды жаңылыстырып, өтініш берушінің іскерлік беделіне айтарлықтай зиян келтірген деп түсіндірді полициядан.

«Осыған дейінгі жарияланымдарға қатысты жәбірленушілердің басқа да арыздары бойынша тергеу жүріп жатыр. Ол материалдарда да жалған немесе қоғамды жаңылыстыратын ақпарат болуы мүмкін. Азаматша Б-ның тұрғылықты жері мен жұмыс орнында тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жарияланған жалған мәліметтердің қалай дайындалғанын, орналастырылғанын және олардың қайдан шыққанын анықтау үшін электрондық құрылғылар мен материалдар алынып жатыр», – делінген хабарламада.

Orda.kz тілшілері де құзырлы орган қызметкерлерінің тексеру жүргізіп жатқанын, кейбір әріптестерімен байланысу мүмкін емес екенін жазды.

Сондай-ақ оқыңыз