Қайрат Сатыбалдыдан қайтарылған «Байсат» базары тағы аукционға шығарылды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Қайрат Сатыбалдыдан қайтқан «Байсат» базарын қайтадан аукционға шығарды.

Компания қайталама аукциондық сауда-саттықтың sauda.e-qazyna.kz электрондық платформасында орналастырылғанын хабарлайды.

Аукцион сайтындағы мәлімет бойынша, аукцион 26 желтоқсанда сағат 11.00-де өтеді. Бастапқы баға – 26 706 317 643 теңге.

Еске сала кетейік, осы базар биыл қыркүйекте 28,6 млрд теңгеге сатылымға шығарылған. 2024 жылдың қаңтарында қылмыстық іс тергеуі барысында Қайрат Сатыбалды өзіне тиесілі «Байсат» базарының негізгі бөлігін мемлекетке ерікті түрде тапсырған болатын.

Жалпы ауданы 4 221,4 м2 және 1,4 гектар жерді құрайтын 3 нысаннан тұратын мүлікке Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі «ҚазГерСтрой» бірлескен кәсіпорны» ЖШС және «Astana Finansial Group» ЖШС еншілес компаниясы иелік етіп келген.

Сондай-ақ оқыңыз