
30 қарашада Алматы облысында Қайыңды көліне барар жолда ірі жол көлік оқиғасы болып оқиға орнында 44 жастағы жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция мәліметіне сүйенсек, Toyota Sequoia жүргізушісі автотұрақ пен асфальтталған жол арасында көлігін басқара алмай, көлік аударылып кеткен.Бес жолаушы әртүрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалып, апатқа байланысты бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.
Kursiv Lifestyle дереккөздерінің хабарлауынша, көлікте филиппиндік туристер болған. Сондай-ақ, көлікті жеке тасымалдаумен айналысатын Саты ауылының жергілікті тұрғыны жүргізгені белгілі.
Жергілікті гидтер жүргізушілердің кестесіз және бақылаусыз жұмыс істеуі сирек емес екенін және бір күнде бірнеше рейс алып жүру шаршауға әкелетінін атап өтті. Көбінесе жүргізушілер телефонға қарап, салдарынан апат болады.
Гидтер, сонымен қатар, 2023 жылы Қайыңдыға кіре берісте болған апат туралы еске салады, өйткені туристік автобус жолда жарыс ұйымдастырып, басқа көлікпен соқтығысқан. Бір турист қайтыс болып, ондаған адам зардап шеккен.