
Алматы облысындағы қалың тұманға байланысты жол жабылды. Нақты айтқанда Алматы-Қонаев трассасының жекелеген учаскелері жабық деп хабарлайды «ҚазАвтожол».
1 желтоқсанда сағат 7:15-тен бастап Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонайха – РФ шекарасы автожолының бақылау өткізу бекетінен бастап Қонаев қаласы аралығындағы (25–67 км) учаскеде барлық көлік түрі үшін қозғалыс жабылады.
Жол қозғалысы шамамен дәл осы күні 10:00-де ашылады деген жоспар бар.
Осыған дейін «Қазгидромет» өңірлердің басым бөлігінде тұман түседі деп болжаған. Ал елдің орталық және солтүстік өңірлерде көктайғақ болады.