Қарағандыда әлеуметтік тауардың бағасын көтерген кәсіпкерлер жазаланды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда әлеуметтік тауар бағасын негізсіз көтерген 5 сауда желісі мен 32 көтерме жеткізуші жазаланды.

Бас прокуратураның дерегінше, Milk Group ЖШС және Деп Плюс ЖШС сары май бағасын 22,6% және 26,3% – ға асырған. Ал Сұлтан Камал ЖШС айранды 43,2% сауда үстемесімен, тауық жұмыртқасын 25% сауда үстемесімен сатқан. Ал Ер-Ай 2012 ЖШС қарақұмық жармасына белгіленген сауда үстемесін 12 пайызға арттырған.

Өңірге көкөніс өнімдерін жеткізушілер ЖК Надиров және ЖК Марш сауда желілеріне картопты сатқанда сауда үстемесін 5% және 20% – ға асырған. Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті бұл кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Жалпы жыл басынан бері облыстағы 155 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 40 кәсіпкерге ескерту берілді, ал 115 кәсіпкерге 5,0 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынды.

Ал республикал бойынша, елде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын көтерген мыңдаған жағдай анықталды. 2,4 мың әкімшілік қаулы шығарылды, оның ішінде 50,8 млн теңгеге 1,2 мың айыппұл салынған, ал қалғандарына ескерту берілген.

Сондай-ақ оқыңыз