
Қазақстанда 2025 жылы қарашадағы көрсеткіш бойынша жылдық инфляция 12,4% болды.
12,4 пайыздық инфляция – 2025 жылдың қазанындағы көрсеткіштен (12,6%) төмен. Бір айда инфляция көрсеткіші 0,8% болды (өткен айда 0,5% болған).
«Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 13,4% (2025 жылғы қазанда – 13,5%), ақылы қызметтерге – 12,3% (2025 жылғы қазанда – 12,9%), азық-түлік емес тауарларға 11,2% (2025 жылғы қазанда – 11%) өсті», – делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметте.
Өңірлердегі қараша айындағы жылдық инфляция да қоса берілген. Жылдық инфляция ең жоғары өңірлердің қатарында Қарағанды облысы (11,6 пайыз), Ұлытау мен Ақмола облысы (11,2 пайыздан), Солтүстік Қазақстан (11 пайыз),Түркістан облысы (11 пайыз) бар. Ал жылдық инфляция ең төмен өңірлердің үштігін Астана қаласы (9,2 пайыз), Шымкент (9,2 пайыз) пен Қызылорда облысы (9,7 пайыз) түйіндейді.
Инцфляцияның артуына қарашада ең үлкен себеп болған тауарлар мен қызметтердің қатарында сұйытылған газ (24,2 пайыз), суды бұру қызметі (21,6 пайыз), ет және ет өнімдерінің (21,7 пайыз), май және тоң май бағасы (16,4 пайыз) бар.
Ал инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (5,2 пайыздық тармақ), денсаулық сақтау қызметтері (1,5 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,2 пайыздық тармақ) қосқан.
Бір айда азық-түлік тауарлар бағасының деңгейі – 1 пайыз, азық-түлік емес тауарлар – 0,9 пайыз, ақылы қызметтер 0,3 пайыз өсті.
Айта кетейік, 28 қарашада Ұлттық банктің ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімін шығарып, 18% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды.