Lifestyle

Шымбұлақта жаңа мұз айдыны іске қосылды

фото: shutterstock

Алматыда қысқы демалысты жақсы көретіндер үшін мұз айдындарының саны артып келеді. Соның бірі – Шымбұлақ тау-шаңғы курортында ашылған жаңа мұз айдыны. Қала тұрғындары мен қонақтары қазірдің өзінде жаңа локацияны көріп, алғашқы әсерлерімен бөлісіп жатыр.

Жаңадан салынған мұз айдынының ресми ашылуы 6 желтоқсанға жоспарланған. Ашылатын күні кіру тегін болады, сондай-ақ келушілерге сыйлықтар таратылады.

Әлеуметтік желіде бұл айдын «әлемдегі ең биік орналасқан мұз айдыны» деп аталып жүр. Бұған дейін мұндай атақ дәстүрлі түрде «Медеуге» тиесілі болатын. Алғашқы Stories жариялаған келушілер тау көрінісінің фонында серуендеп, суретке түсіп, әсерлерімен бөлісуде. Дегенмен кейбірі жалға берілетін конькилердің сапасына, әсіресе, олардың дұрыс жонылмағанына шағымданып, маусым ресми түрде басталғанша, қызмет жақсарады деген үміт білдірді.

Айта кетейік, танымал «Медеу» мұз айдыны қазіргі таңда жөндеу жұмыстарына жабылған. Осы себепті қаладағы жаңа қысқы локациялар алматылықтар үшін тамаша баламаға айналып отыр.

Бұған дейін «Шымбұлақта» шаңғы тебу маусымы қашан басталатынын жазған едік.