Тоқаев Шри-Ланка президентіне көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка президенті Анура Кумара Диссанаякеге елдегі су тасқынына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланкадағы жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарына көңіл айтты», – деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетейік, қатты жаңбыр салдарынан Шри-Ланкада жиырма жылдан астам уақыттағы ең ауыр су тасқыны басталды.
Reuters ақпаратына сүйенсек, соңғы күндері Таиланд, Малайзия, Индонезия және Шри-Ланканың кейбір аудандарында болған су тасқыны мен көшкін мыңнан астам адамның өмірін қиды.
Ресми мәліметтер бойынша, Таиландтың оңтүстігінде 3 миллионға жуық адам, Индонезияның батысында 1,1 миллион адам, Шри-Ланкада 500 мыңнан астам адам зардап шекті.
Бұған дейін Вьетнамның орталық аймақтарындағы ауыр және ұзаққа созылған су тасқыны 90 адамның өліміне әкеп соқтырған еді. Бұл елде Қазақстанның 83 азаматы су тасқында қалуы мүмкін.