
Жұлдыз Әбдікәрімова бес жыл бойы жалдамалы пәтерде тұрып келген. Оның екі жылында жаңа үйге көшуді армандаған.
«Бес жылға жуық жалдамалы пәтерде тұрдық. Оның екі жылы жаңа үйге көшеміз деген қуанышты күндер болса, ал қалған үш жыл «не істеймін, енді қайттым» деген күй кештім. Оңай болды деп айта алмаймын», – деді актриса.
Оның айтуынша, бір қиындықтың артында бір жақсылық жасырынатыны анық екен.
«Сансыз шүкір! Жаңа пәтерге қоныс аудару осы уақытқа бұйырыпты. Бұл қуанышымды өздеріңізбен қалай бөліспеймін?! Оның үстіне, қазақылықта ырым деген бар. Әр оқырманыма осындай керемет жаңа үй жұғысты болсым дегім келеді», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Оқырмандары да актрисаның қуанышына ортақтасып жатыр.
«Жаңа қоныс құтты болсын! Берекелі, мерекелі, қайырлы, құтты шаңырақ болсын! Әр қазағыма жұғысты болсын!» – деп жүрекжарды тілек білдіріп отыр.
Мұның алдында Жұлдыз Әбдікәрімова кіммен кездесуге шығып жүргенін айтып берген еді.