Lifestyle

«№37» авторлары мен ARShAT Алматыда көрерменмен кездесу өткізеді

№37 фильм
фото: скрин

Алматыдағы Sham Studios 5–6 желтоқсан күндері есігін айқара ашып, шығармашылық әлемімен таныстыратын SHAM OPEN HOUSE атты екі күндік мәдени шара өткізеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – сахнадан үлкен экранға дейінгі шығармашылық процесті бірлесе талқылайтын, өнер мен кино өндірісінің ішкі қыр-сырымен жақын танысатын ерекше мүмкіндік. Кеш бағдарламасында режиссерлермен, продюсерлермен және актерлермен ашық кездесу, терең сұхбаттар мен авторлық таныстырылымдар жоспарланған.

5 желтоқсан – «№37» фильміне арналған кездесу күні

Бұл күні көрермендер фильмнің режиссерімен тікелей жүздесіп, сағат 18:00-де өтетін арнайы кездесуге қатыса алады.

Сағат 20:00-де актерлер мен фильм авторларымен сұрақ-жауап форматындағы ашық кездесу ұйымдастырылады.

Ал 6 желтоқсанда сағат 18:00-де көптен күткен әнші ARShAT-тың «Ekeumiz zhaily» атты жеке концерті өтеді. Кездесу мен концерт Бәрібаев 36 мекенжайында өтеді.

Ұйымдастырушылар билеттерді театр парақшасындағы сілтеме арқылы немесе Sxodim сайтынан сатып алуға болатынын хабарлады.