Алматы – Бішкек трассасында жеті адам қаза тапты: Honda Odissei мен  HOWO соқтығысты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматы – Бішкек тас жолының 129-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды / shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский
Алматы – Бішкек тас жолының 129-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды / shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

Алматы – Бішкек трассасында сұмдық жол апаты болды. Honda Odissei мен  HOWO соқтығысып, жеті адам қаза тапты.

Алматы – Бішкек тас жолының 129-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Полиция қызметкерлері Алматы – Бішкек автожолының 129-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәліметтер бойынша, «Honda Odissei» автокөлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан «HOWO» жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан», – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның ақпаратына қарағанда, жол апаты салдарынан жеңіл көліктегі жеті адам қаза тапқан. Оның ішінде жүргізуші де бар.

Қазір апаттың барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

25 қарашада Алматы – Бішкек трассасында жол апатынан тағы да алты адам қаза болып, қылмыстық іс қозғалған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз